Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2022

Топтық оқыту

Жас маман - Салыхожа Әзиза
Тақырыбы: Топтық оқыту
Топтық жұмыстың тиімді жақтары оқушылардың жеке тұлға ретінде сезінеді, сабаққа деген қызығушылықтары артады, топтың алдыға жылжуы үшін өз үлесін қосуға талпынады. Мәселелерді талқылай отырып, бір-бірінің айтқан сөздері естерінде сақталады.
Жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды толықтай қабылдап, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылықтары артады, сонымен қатар белсенділігі мен жауапкершілігі жұмыс істеуге деген қабілетін оятады.
Оқушылар тақырыпты толықтай меңгеруі үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалануымыз керек: электронды оқулық, интернеттен материалдар жинақтау, интерактивті тақтамен жұмыс, тәжірибе жасау, өзін-өзі бағалау, бақылау жүргізу.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, сабақта оқушыларды топқа бөліп, топпен және жұппен жұмыс істеу арқылы, оқушыда өзіне деген сенімділігі, жауапкершілік артып, өз ойын еркін жеткізе алатын, белсенді, өз алдына мақсат қоя алатын, ортада өзін еркін ұстайтын, бір-бірімен пікірлесе білетін, бір-бірін оқыта алатындығын байқадым.
Топтық жұмыс оқушы мен белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив