17
февраль
2022
Бектуреева Алма Султановна
Мұғалімнің аты-жөні : Бектуреева Алма Султановна
Жұмыс орны : № 62 Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Білімі : жоғары
Жалпы еңбек өтілі :11 жыл
Осы ұжымдағы еңбек өтілі : 7 жыл
Санаты : бірінші біліктілік, мектеп тренері
Мамандығы : биология пән мұғалімі
Үштілділік бойынша оқыған деңгейі : С1
Шығармашылық тақырыбы : АКТ-ы қолдана отырып биология сабақтарында CLIL жүйесін ойын элементтері арқылы қолданып оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, үштілділікті енгізу.
Мен жаратылыстану және биология пәндерінен сабақ беремін. Оқу жылының басында шығармашылық тақырып бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында интернеттен, кітапханадан және ақпараттық құралдардан ізденуге бағыт – бағдар беріп отырдым. Тәжірибе алмасу мақсатында мұғалімдердің сабағына еніп, түрлі экология, жаратылыстану, биология бағыттары бойынша семинарларға қатысып тәжірибе алмастым. Әдістемелік бірлестік отырысында «Биология сабағында ойын элементтерін қолдану» тақырыбында баяндама жасадым. Сабақ барысында АКТ, интербелсенді тақта, электронды оқулық, интернет желісімен үнемі жұмыс жасаймын. Үштілділік бойынша сыныптарда термин сөздерді үштілде меңгеріп жұмыс жасалуда. Химия – биология бағытындағы Назарбаев мектебінде үштілділік бойынша жазғы мектепте тәжірибе алмастым. Топтық жұмыс барысында оқушылар өздерін еркін ұстап, үштілде өз ойларын еркін жеткізіп, түрлі әдіс – тәсілдерді қолданып, шығармашылықтарын көрсете алуға мүмкіндігі болды. Бұл оқыту үрдісі оқушыларды ынтымаққа, бірлікке бір – біріне көмектесуге үйретеді. Сабақта ағылшын тіліндегі видеоларға талдау жасап, түсіндіріп, суреттермен жұмыс жасап, кестемен, термин сөздермен жұмыс жасап, таныстырылды.
Жаратылыстану, биология пәні сабағында оқушы білімін жандандыру үшін жеке тапсырмалар беріліп отырылды. Оқушылардың оқудағы іс – әрекеті арқылы олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, жаңа технологияларды кеңінен пайдаландым. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жеткізуге ұмтылды. Пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында жекелей, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып диаграмма, сызба, кесте, сурет, тест тапсырмалары, электронды оқулықтар, видео және термин сөздермен жұмыс, үштілде сабақты жүргізу арқылы жаңа тақырыпты меңгерді. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу және қосымша сабақ ұйымдастырылды. Мектептің көгалдандыру жұмыстарына қатыстыру және түрлі іс – тәжірибелік, зертханалық жұмыстар жасау. Оқушылардың ғылыми жұмыстармен айналысуына ықпал жасай отырып, түрлі сайыстарға, іс – шараларға, конференцияларға олимпиадаларға қатыстыру. Болашақта осы бағдарлама бойынша жұмысты жүйелі, тиімді жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оларды үш тілде сөйлеуге, сыни тұрғысынан ойлауға, өмірде де өзінің қажетіне тиімді қолдана алатындай және дәлелдеуге бағыт бағдар беремін.