Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Химия, физика пәндерінен "Отын. Отын энергиясы" тақырыбында кіріктіріліген сабақ
22
январь
2022

Химия, физика пәндерінен "Отын. Отын энергиясы" тақырыбында кіріктіріліген сабақ

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Отынның жануы және энергияның бөлінуі
Бөлім: 8.2C Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Отынның жануы және энергияның бөлінуі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 8.3.1.1 -заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:
Заттар жанған кезде энергия бөлінетіндігін түсінеді
Көпшілік оқушылар үшін:
Жылыжайлық эффектіcінің себептерін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
Жанғыш заттармен таныс.
Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушы
лықты ояту
5 мин. Ұйымдастыру кезеңі:

Топ ережесін еске түсіру.

Топтастыру. Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Мұнай, Метан, Көмір жазылған қағаздар арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Мұнай тобы
II – Метан газы тобы
III – Көмір тобы
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Фигуралар салынған конверт

Энергияның бөлінуі (Оқушыларды орнынан тұрғызып, билеу)
Біз қимылдағанда не бөлінді? Бейне ролик
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. 1 топ.
1.Отын дегеніміз не?
2. Жану кезінде не бөлінеді?
3. Where do the uranium produce in Kazahstan?
2топ
1.Меншікті жану жылуы дегеніміз не, қандай әріппен белгілейміз?
2.Ауа жоқ жерде зат жана ма? Неге 3.Where do the coal produce in Kazahstan?

3 топ
1. Кез – келген отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері неге тең? формуласын, өлшем бірлігін ата?
2.Отынның түрлерін ата?
3. Where do the oil produce in Kazahstan?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
10 мин. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді Мәтінмен зерттеушілік жұмыс.
Отын, отын түрлері.
Ертедегі адамдар өздерінің үйлерін жылыту үшін және тамақ дайындау үшін ағаш, көмір, шымтезек энергиясын пайдаланған. Қазіргі заманда отын ретінде табиғи газ, мұнай және мұнай өнімдері қолданылды. Денелерді қыздыру үшін энергия қажет. Энергия көбінесе отыннан алынады, ол үшін ағаш, көмір, бензин жағылады. Жану кезінде бір көміртек атомы ауадағы оттектің екі атомымен қосылып, көмірқышқыл газының бір молекуласын құрайды. Нәтижесінде өте мол энергия бөлінеді. Мұны химиялық тотықтыру деп атайды. Яғни тотығу дегеніміз – заттардың оттекпен әрекеттесуі. Екі элементтен тұрып, оның біреуі оттегі болып келетін заттарды оксидтер деп атайды. Жану реакциясы дегеніміз – реакция кезінде жылу бөлініп, жарық шығады. Отынның түрлері: қатты отын, сұйық отын және газ. Қатты отынға таскөмір жатады. Таскөмір дегеніміз – көміртек, сутек, азот, оттек және күкірт қосылыстарының күрделі қоспасы. Отынның жану жылуы - 1 кг отынды толық жаққанда бөлінетін жылу мөлшері.
С + О2 --- СО2
көміртек оттегі көмірқашқыл газы
Қазақстанда 300 ден астам көмір кен орыны бар. Олар орталық Қазақстанда шоғырланған. Қарағанды, Екібастұз кен орындары. Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында екінші орында. Әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі. Қазақстанның батыс аймағында Атырау, Ембі, Маңғыстау бассейндері бар. /жалғасы бар/

1.Мәтінде отынның неше түрі берілген?
2.Физикалық , химиялық неше сөздік бар?
3.Физикалық , химиялық сөздіктердің ағылшынша аудармасы қандай?
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Жаңа химиялық термин сөздерді табады.
2. Отын түрлерін анықтап табады
3. Үштілге аударады.


Топтық жұмыс
8 мин 1. 2017 жылы Астана қаласында 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында өткен көрме (ЭКСПО) маңызды роль атқарады
2. ЭКСПО – 2017 көрмесінің тақырыбы?
3. Мәселені шешу біліктілігі. (Мәтіннің жалғасы)
Ертедегі адамдар өздерінің үйлерін жылыту үшін және тамақ дайындау үшін ағаш, дизель, құрғақ отын ның энергиясын пайдаланған.
Тапсырма : Көмір,дизель, құрғақ отынның толық жанғандағы энергиясын тап Дескриптор: Жалпы - 3 балл



Топтық жұмыс
5 мин Контурмен жұмыс Қазақстанның картасынан көмір кенін, мұнайлы аймақ және ірі мұнай өңдеу зауыттарының қайда орналасқанын картадан табады. Қазақстанның картасы
Жеке жұмыс
10 мин Зертханалық тәжірибе 1. Бенгал шырағының жануы
2. Спирттің жануы
3. Көмірдің жану реакцияларын жазу, теңестіру
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Реакцияны жазады
2. Реагент пен өнімді анықтайды
3.Реакцияны теңестіріп, типін анықтайды Демонстрациялық үстелде тәжірибе көрсетіледі
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма: Қазақстандағы уран банкі туралы мәлімет дайындап келеміз
SWOT талдау
S - Сәтті тұсы
W - Сәтсіз тұсы
O - Мүмкіндіктер
T - Қиындықтар
Оқушы өз қолымен жазады
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. «Мадақтау сөзі» әдісі Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив