Байгараева Асемкуль Жунисовна
Байгараева Асемкуль Жунисқызы 1990 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын «Үздік» белгімен аяқтап, жоғарыда аталған мектепте 2001 жылдан бері физика - информатика пәндерінен дәріс береді. Ертеңіміздің болашағы - бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда қажымай еңбек етіп келеді.
Оқушының жеке тұлға ретінде дамытуда оқытудың жаңа технологияларын енгізудің орны ерекше. Жеке тұлға тәрбиелеу үшін, сөз жоқ, мұғалімнің өзі жеке тұлға болуы керек. Өйткені, қазіргі мұғалім өз пәнінің ғана терең білгірі болып қалмай, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана кәсіби маман бола алады.
Байгараева Асемкуль Жунисовна 2009-жылы қараша айында «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «УӘЖ» орталығы» жекеменшік мекемесінде білімін көтеріп, МАНПО академигі Ж.А.Қараевтың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының 1-үйренушілік деңгейін толық меңгеріп, 2-деңгейде практика жүзінде сынақтан өтті. Физика пәнінен 7-сыныпқа арналған 5 модуль бойынша жұмыс дәптері «Жоғары оқу орнынан киінгі білім беру «УӘЖ» орталығы» жекеменшік мекемесінің практикалық бөлімінде қолданыста жүр.
2010-жылдың қыркүйек айында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта «Жаратылыстану пәндерін оқытуда интерактивті технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары» құзыреттілік-білім алушылардың оқу жетістіктерін көрсеткіштері негізінде білімін көтерді. Жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын арттыруда 7-сыныптарға арналған жұмыс дәптері УӘЖ технологиясы мен құзыреттілік тапсырмаларымен ұштасқан.
2011-жылы қыркүйек айында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтында қашықтықтан «Научно-методическое обеспечение внедрения системы электронного обучения /е-learning/» тақырыбында біліктілік курсынан өтті.
Оқушылардың білім деңгейінің жоғарылуына оқу-тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылуы мен мектепішілік бақылаудың жүйелі жүруі және білікті мамандардың тұрақтануы және де мектептегі «Мың бала» қозғалысының «Мондриан» кестесіне сәйкес үлгерімі орта балалармен, яғни, «1-мұғалім, 10-оқушы, 100 кітап, 100 есім, 100 қадаммен, 1000 балаға......» жұмысы оң нәтижесін беріп отыр. Жалпы, мектеп бойынша соңғы 3 жыл ішінде 50%- дан 58%-ға дейін артты.
Асемкуль Жунисовна Байгараева- №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс атқарған кезеңінде, өзін қабілетті, жауапты, креативті, білімді маман ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді.
Қазақстан Республикасының жан- жақты дамыған экономикалық бәсекеге дайын, өзінің ұлттық мәдениеті мен тілін қастерлейтін, ұлттық рухы жоғары, саяси ерік- күші мен жігері мықты қалыптасқан, өмірде өз орнын таба алатын, қиын- қыстау кезде батыл әрі дұрыс шешім қабылдап, жеңіл шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеуде мектеп қызметінің бағытын және әдістемелік бағыт- бағдарын жетік меңгерген маман.
Жетістіктері:1.ОҚО ББ «Математика және жаратылыстану пәндеріндегі білім сапасын арттыру- адами капиталды дамыту негізі» тақырыбында өткен облыстық ҒПК құнды баяндама жасағаны үшін, Мадақтама, 2018 жыл;
2.ОҚО ББ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы өнертап- қыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауында оқушыға жетекшілік жасағаны үшін, Алғыс хат, 2017 жыл;
3. ОҚО ҚР білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы
Халықаралық PISA-2015, TIMSS-2015, PIRLS-2016 х/а зерттеуін жоғары деңгейде өтуіне белсенділік танытқаны үшін, Алғыс хат, 2015 жыл;
4.ҚББ «Жеті модульдің тиімділігі» жеткен оң табыстары үшін, Мадақтама, 2017 жыл;
5.Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» кәсіби педагогикалық шеберлігі үшін, Құрмет грамотасы, 2017жыл;
6. Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» «Мәңгілік ел- Қазақ елі» ҒПК белсенділік танытқаны үшін «Жыл маманы», Диплом, 2017 жыл;
7. ҚББ-нің «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» бойынша «Физика пәнінен 7 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері» тақырыбындағы іс- тәжірибесі қала көлемінде таратылды, №63 бұйрық, 28.02.2013 жылғы;
8.Жаратылыстану- математикалық бағыты бойынша «Коммуникативтік құзырлылық- мұғалімдердің кәсіби оқыту идеяларын іске асыру негізгі және зерттеу іс-әрекетінің жаңаша әдістемелері» тақырыбында өткен қалалық ғылыми- зерттеу конференциясында жүлделі І орын, мамыр 2013 жыл;
9.Астана қаласының ББ, «Астана дарын» ғылыми-практикалық орталығы «Мың бала» жобасы аясында қосқан үлесі үшін Алғыс хат, 2017 жыл;
10.ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Ақпаратық- талдау орталығы» PIRLS-2016 халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі оқыту семинарына қатысқаны үшін, Сертификат, 2016 жыл.
11.Өскелең ұрпаққа білім және тәрбие беру ісінде биік жетістіктерге қол жеткізіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуге оң табыстары мен заманауи әлемде қабілетті тұлға дайындауда еселі еңбегі үшін ҚББ-ның мақтау кағазымен марапатталған, 2011 жыл;
12.Республикалық шығармашылық „Менің бастауым-менің Отаным
үшін!“ жобалар байқауында „Медиа жобалар“ секциясында оқушысы А.
Ерсұлтан жүлделі 11 орын, 2017ж.
13.Е.Апбас, А.Аманкелді, А.Ербаева, Е.Асылбай, Е.Танабаев қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің бастауым - менің Отаным үшін!» тақырыбында қалалық шығармашылық жобалар байқауында бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға қатысып, «Мың бала» жобасының «Ғылым-білім ордасы», «Жас патриот» орталықтарының дарынды оқушылар арасында І орын және Кенжебек Сержан 10 ә оқушысы «Өз елінің патриоты!» номинациясымен марапатталды;
14. Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясы облыстық сырттай байқауында оқушысы Ж. Скандер жүлделі 111 орын. 2017жыл;
15. Облыстық „Рухани жаңғыру“ бағдарламасы аясында „Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам“ инновациялық идеялар байқауы бойынша оқушысы Ж. Скандер жүлделі 1 орын, 2017 жыл;
16. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен қалалық физика пәні бойынша мектепаралық «Киіз үй физикасы» атты техникалық шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін оқушысы Ж. Андасова қалалық білім бөлімі мен ОҚПУ-де жүлделі ІІІ орын;
17. Физика пәнінен оқушылардың қалалық пән олимпиадасында оқушысы Г.Үсен, жүлделі ІІІ орын, 2014 жыл;
18. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ОҚ педагогикалық колледжі мен Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған мектеп оқушылары арасында физикадан қалалық пән олимпиадасында белсенді қатысқаны үшін оқушысы Г. Махамбет алғыс хатпен марапатталды, 2014 жыл;
19. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ОҚ педагогикалық колледжі мен Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған мектеп оқушылары арасында физикадан «Техникалық жұмыс» үйірмесі бойынша оқушысы А. Саттар мадақтамамен марапатталды, 2014 жыл;
20. Физика пәнінен оқушылар арасында өткізілген « Үлкен тақтың – көшбасшысы» атты байқауда оқушысы Амандық Қуандық жүлделі I орынды иеленді, 2009 жыл;
21. Қалалық «Дарынды балалар» форумына белсене қатысып, физика пәнінен жеткен жетістіктері үшін оқушысы Амандық Қуандық ҚББ – нің мақтау қағазымен марапатталды, 2009 жыл;
22. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында ерекше жетістіктерімен, білімді, дарындылығымен еліміздің еліміздің гүлдене беруіне үлес қосқаны үшін оқушысы Амандық Қуандық ҚББ – нің мақтау қағазымен марапатталды, 2011 жыл;
23. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі мен Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған мектеп оқушылары арасында физикадан «Техникалық жұмыс» үйірмесі бойынша III орынды оқушысы Ауелов Рауан Жәнібекұлы марапатталды, 2011 жыл;
24. Оқушысы «Алтын белгі» иегері А. Амреева бірнеше рет пән олимпиадасына қатысып, жүлделі орынды иеленген, 2009 жыл;
21. Оқушысы «Үздік аттестат» иегері М. Тлебалдина 2009-2010 оқу жылына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба жарыстарының облыстық кезеңіне физика секциясы бойынша облыстық білім басқармасына бастығы Б. Көмекбаеваның мақтау қағазымен марапатталды 2010 жыл;
Жарияланған әдістемелік жұмыстары:
1. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, «Қазақстан- рухани жаңғыру жолында: дамуы мен келешегі» атты ҒТК еңбектері жинағынан «Цифрлық технологияларды қолдану-жаңа индустрияларды өркендету негізі» еңбегі жарық көрді, 1-том, 99-бет, 2018жыл;
2.ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет белгісі» орденді республикалық «Қазақстан мектебі» журналдан «Жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру - басты мақсат» құнды баяндамасы жарық көрді, №3- 2014 жыл;
3.Республикалық «Қазақстандағы Білім және ғылым әлемі» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналынан «Тоқтың жұмысы мен қуаты» ашық сабағы жарық көрді, №3 /54/ 2010 жыл;
4. Республикалық «Математика- информатика- физика» оқу- әдістемелік журналынан «Нәтижеге бағытталған білім беру» атты ашық сабағы жарық көрді, №3- 2012 жыл;
5.ҚР Шымкент қалалық білім беру мекемелері қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «Таным, Талғам, Тағылым» қоғамдық, танымдық, ақпараттық, әдістемелік журналынан «Гидравликалық машиналар. Газдың қысымы» ашық сабағы жарық көрді, №2 23 қаңтар 2013 жыл;
6. Үшөлшемді әдістемеләк жүйе технологиясы аясында физика пәнінен 7-сыныптарға арналған жұмыс дәптері қалалық білім басқармасының 04.02 2013 жылы №40 бұйрықпен қала көлемінде іс-тәжірибесі таратылды, 2013 жыл;
7. «ІТ және авиағарыш технологиясын физика пәнінде қолдану» 9-10 сыныптарға арналған таңдау курсының авторлық бағдарламасы жарық көрді, 2020 жыл;