10
январь
2019
Бимұратова Алия Асқарқызы
Мектеп басшысы - білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын білім беру саласындағы шешуші тұлға. Педагогикалық менеджмент саласындағы көптеген мамандардың пікірінше, қазіргі заманғы мектеп директоры келесі қасиеттерге ие тиімді көшбасшы: құзыреттілік; көпшілдік; бағынушыларға мұқият қарау; шешім қабылдаудағы батылдық; мәселелерді шығармашылықпен шеше білу.Білікті мектеп басшысы:
стереотиптерді жеңе алатын және мектеп алдында тұрған мәселелерді шешудің дәстүрлі емес жолдарын таба алатын, басқарудың инновациялық технологияларын құра және қолдана алатын шығармашылық тұлға;
үнемі өзіне, өзінің кәсіби және жеке қасиеттеріне жұмыс жасайтын адам;
өз мектебінің бірнеше жылдар бойына даму болашағын көретін стратег;
өзінің үлгісімен оқытушылар құрамына шабыт беретін адам.