Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
июль
2022

ЕҢ ҮЗДІК ЖОБА «МЕКТЕП РАДИОРУБКАСЫН ҚҰРУ»

ЕҢ ҮЗДІК ЖОБА «МЕКТЕП РАДИОРУБКАСЫН ҚҰРУ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «Ә» сынып оқушылары: Алтынбек Нұрайым, Анарбаев Ақәділ, Жарылқасын Нұрмира, Ишангалиев Темірхан, Зәкір Заңғар, тарих-география пән мұғалімі, тренер Бихан Болат Жақсыбайұлының жетекшілігімен Алматы қаласы, «ТАУ САМАЛ» сауықтыру орталығында 7-11 шілде аралығында өткен «Көшбасшылар форумына» қатысты.
«Jas Leader Akademiiasy» жобасы «Болат Өтемұратов қорының» ұйымдастыруымен 2021-2022 оқу жылы Шымкент қаласы және Түркістан облысынан бастау алған болатын. Жобаның мақсаты: балаларға болашақта көшбасшы және бәсекеге қабілетті маман болуға, өзі және айналасындағы адамдар және өз елі үшін жауапкершілік алуға көмектесетін бірегей қосымша білім мен дағдыларды меңгертуді көздейді.
«Jas Leader Akademiiasy» жобасының бір жылдық жұмысын қорытындылау үшін өткізілген форумға Шымкент қаласының №23, 24, 38, 62, 65 мектеп оқушылары өз жобаларымен қатысты. Форум соңында жыл бойы белсенділік танытқан көшбасшы оқушылар арасынан NARXOZ University-не грант алатын оқушы және оқушылардың «Жоба менеджменті» тақырыбында қорғаған жобасын іске асыру мақсатында қаржы бөлінетін үздік жоба анықталды.
Мектебіміздің, 8 «Ә» сынып оқушыларының «Мектеп радиорубкасын құру» жобасы өзінің идеясымен әділ-қазылардың ең жоғарғы балына ие болып, ЕҢ ҮЗДІК ЖОБА деп анықталды. Жобаны қорғаған бес оқушыға TECHNODOM сауда үйінің 20000 теңге сертификаты табысталды. Форум барысында оқушылар тамаша табиғат аясында есте қалатындай демалып, жаңа орта пайда болды. Алла қаласа «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен алдағы уақытта жоба іске қосылады. Бұл жоба жетекшісі - Болат Жақсыбайұлының еңбегі. Жоба жетекшісі мен оқушыларға білімдерің шыңдалып, өмірде алар асуларың көп болсын дейміз.
#62 тек алға!!!












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив