Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2022

«ТҮЛЕК 2022 - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 18.06.2022 жылы «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты Қазақстан республикасының жалпы білім беру ұйымдарында балалар жылына арналған мектеп бітіруші түлектерге аттестат беру салтанатты кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға ата-аналар, мұғалімдер, ардагер ұстаздар қатысты. Мектеп басшысы Әлия Асқарқызы мектеп бітіруші түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, жаңа өмір белесіне қадам басуларымен сәттілік тілеп, аттестаттарын табыс етті. Биыл мектебімізден 37 оқушы түлеп ұшса оның біреуі «Алтын белгі» иегері атанып, бесеуі «Үздік аттестатпен» тәмамдады.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Сіздердің осы мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспіз!





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив