Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2022

«Нәзір мақтаныштары - Елбасы медаль жеңімпаздары»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5 қыркүйек - «Қазақстан халқы тілдер» күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тоғыз тіл білген Нәзір» атты іс-шара жоспары негізінде «Нәзір мақтаныштары - Елбасы медаль жеңімпаздары» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары Серік Әмина, Күмісбек Сымбат, Жаркей Ақнұр үш тілде дублёрлық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Нәзір Төреқұлов өмірі мен шығармашылығын, тілге қосқан үлесін үш тілде айтып, дәріптеу. Оқушылар Нәзір туралы тың деректер айтып, сұрақтар қойып, бір-бірімен пікір алмасты. Сонымен қатар, «Елбасы медаль» иегерлері қалай жұмыс жасап, қандай кітаптар оқығандығымен, қанша бағытта жұмыс жасағандары туралы үш тілде ойларын айтып жеткізді. Бұл оқушыларға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Кекилова Жадра. Сабаққа мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Байғараева Әсем Жүнісқызы, психолог, мектеп мұғалімдері қатысып, Әсем Жүнісқызы оқушыларға сұрақтар қойып, болашақта жақсы маман иесі болып, Қазақстанның дамуына үлесін қосатын патриот азамат болатынына сенім артатынын айтып өтті.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив