13
декабрь
2021
ҒЫЛЫМДЫ ТАНЫП-БІЛУДЕ ЕРЕЖЕДЕН МЫСАЛ ПАЙДАЛЫРАҚ!
ҒЫЛЫМДЫ ТАНЫП-БІЛУДЕ ЕРЕЖЕДЕН МЫСАЛ ПАЙДАЛЫРАҚ!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай "Тәуелсіздікке 30 қадам" іс-шарасы аясында информатика пән мұғалімдері Р.Мамыров және А. Ихматулла робототехника көрмесін өткізді. Көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат-роботты техниканың шығу тарихы, оның түрлері және қолданылу салаларын біліп үйреніп, олардың қазіргі таңдағы маңызын, білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Бұл тәсілдер мен дағдылар әрбір оқушыға инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық идеяларды іске асыру және өз әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Көрмені мұғалімдер мен оқушылар қызыға тамашалап, өз пікірлерін білдірді
