Б.Момышұлы "Ұшқан ұя"
Мақсаты:
Б. Момышұлының балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып ,мәтінді өз бетімен оқып,талдап шығуға мүмкіндік беру.өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
Оқып, талдау.
Мәтін не туралы?
Бауыржан Момышұлы кім? * Бауыржанның атасы мен әкесі қандай адам болған. * Бала Бауыржан кішкентай кезінде қандай болды?
Әкесі -Момыш Өнерлі, адамгершілігі мол. Ол өз бетінше оқып тоқыған адам. Есеп-қисапты тәуір білетін. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Қызтумас әже Адуынды, көпшіл, сөзге шешен Ертегіні көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Аса ажарлы, ақ дидарлы кісі. Имаш Данагөй, батагөй Немересіне бата береді. Оқушылар өздерінің ойларын,түсініктерін айтып бір бірімен пікір алмасты.Оқушылар өздеріне жақсы әсер алды.



