Елеуова Гульмира Амангельдиевна "Сабақ тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдер" коучинг
№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елеуова Г.А.
Коучинг жоспары
Тақырыбы: Сабақ тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдер
Мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдерде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді; Өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады; Сабақ беру әдісін өзгертеді;
№ | Коучтың іс - әрекеті | Қатысушылардың іс - әрекеті | Ресурс | ||||
1 | Амандасу Коуч шараға қатысушылармен амандасады «Оркестр» суреттер арқылы топқа бөледі (3 мин) | Сергіту барысында топтарға бөлінеді | Музыкалық инструмент- тер суреттерінің қиындысы | ||||
2 | Зейінді шоғырландыру жаттығуы «Бұлт үстіндегі саяхат» Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. | Коучтың айтқандарын орындайды | |||||
3 | Тақырыпқа кірісу үшін сұрақтар қояды Күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз ба? Күнделікті сабақтарда жиі қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз қандай? Бір сабақ үстінде қанша әдіс түрлерін пайдаланасыз? Әдіс-тәсілдерді не үшін өзгерту керек? Әдіс-тәсілдерді түрлендіру нәтиже береді деп ойлайсыз ба? Сабақтың сапалы өтуі әдіс-тәсілге тәуелді ме? (5 мин) | Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын ортаға салады. | |||||
Мәтінді бірнеше әдіспен талдауды көрсетеді. «Мен ұнататын тұлға» әдісі Асығыс үкім Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғы өшіріп қойған екен. Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді. | Әдіспен жұмыс жасайды. Үш тұлғаны таңдайды (бірінші тұлға мәтін бойынша, бір тұлға отбасы мүшесі, бір тұлға шынайы өмірден) Мұғалімдер бір бірлеріне неліктен дәл сол тұлғаны таңдағандарын түсіндіреді. Содан соң әр мұғалім стикерге өздерінің таңдаған тұлғалары жайында айтылған мәлімет аясында бір сұрақ жазады. Коуч сұрақтардың барлығын бір қорапқа салады. Коуч қораптан бір сұрақты алып оқиды, егер мұғалім жұбын тыңдаған болса, бірден жауабын таба алады. Ал егенр сұраққа жауап берілмесе, сұрақтың авторы жауабын өзі айтады, оның жұбы мәліметті екінші рет мұқият тыңдайды. | Мәтін | |||||
«ВЕЕР» әдісі Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. | «Асығыс үкім» мәтіні бойынша сұрақтар жазады, екінші жұбы қысқаша жауап жазады. | Веер | |||||
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс. | «Асығыс үкім» мәтіні бойынша «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы жұмыс жасайды. | А4 | |||||
3 | Әдіс – тәсілдер түрлері жинақталған ресурс таратамын (7 мин) | Ресурспен танысады | АКТ, таратпа қағаздар, тақта | ||||
4 | Таратылған ресурс бойынша әдіс – тәсілдерді сабақтың қай кезеңіне пайдалануға болады және өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, постер жасауды ұсынамын (20 мин) | Ресурс мазмұны мен өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсіл түрлерін сабақ кезеңдеріне бөледі, қатысушыларға таныстырады | Таратпа қағаздар, флипчарт, маркерлер, стикерлер | ||||
5 | Рефлексия Коуч кері байланыс жұмысын жүргізеді Кері байланыс парақтарын таратады(2мин) | Кері байланыс парағын толтырады | Таратпа материалдар,жазу құралдары | ||||
6 | Қатысушыларға белсенділіктері үшін мадақтап, қорытындылау(1мин) |
