Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
06
январь
2023

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қысқы демалыс жоспарына сәйкес мектеп магистрлері Борахаева Нургул мен Кекилова Жадра «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің маңызы» тақырыбында коучинг өтті. Коучинг барысында іс қағаздар түрлерімен таныстырып, стиль түрлері оның ішінде ресми іс қағаздар стилі туралы түсінік берді. Іс қағаздары мазмұнына қарай үш топқа бөлінетіні туралы да сөз болды. "Шаттық шеңбері" тренингі арқылы ұйымдастыру болды. Іс қағаздар түрлеріне қарай топқа бөлінді. Постер қорғалды, "Домино" әдісі бойынша сөйлемдер мен сөз тіркестерінен іс қағаздың бір түрін құрастыратын тапсырмалар болды. "Қатесін тап!" әдісі бойынша іс қағаздардың бірнеше түрлерінің грамматикалық, пунктуациялық қателерін тапты. Рефлексия "Бағдаршам" әдісі бойынша жүргізілді. Сабақ барысы өте қызықты, мәліметтерге толы болды. Мұғалімдердің кері байланысы арқылы іс қағаздардың адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін ұғынып, кеткен кемшіліктермен болашақта жұмыс жасау керектігін мұғалімдер түсіне білді.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив