| Тобы/сыныбы: МАД |
| Жетекшісі: №62 Н. Төреқұлов атындағы жоббм педагогы Уайсова Асем |
| Күні: 19.05.2022 |
| Сыныптан тыс іс-шара |
| Тақырыбы: Логик TIME |
| Оқу мақсаты: | Заттардың ортақ белгісін табуға, талдауға, көру арқылы заттар тобын ажырата алуға, салыстыруға, оқиға желісінің ретін анықтауға үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. |
| ҰОҚ мақсаты: | - Заттардың ортақ белгілерін анықтап, артығын таба алады;
- Оқиға желісінің ретін анықтай алады;
- Заттардың ортақ белгісін тауып, артығын көрсетіп бере алады;
- Ұсақ бөлшектерді үлгіге сай біріктіріп, құрастыра алады.
|
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері. Монтессори технологиясы. |
| Ресурстар. | Ноутбук, суреттер, түтікше, шар, стақан, түрлі-түсті қағаз текшелер, конструкторлар, жануарлар макеттері, қалам, қорап. |
| Жоспарлау |
| ҰОҚ кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Баланың әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин | Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз, Жайнай түсті даламыз.
- Балалар, бүгінгі «Логик Тайм»-ға қош келдіңдер. Менде сендерге арналған тосын сый бар. Ол тосынсыйды логика әлемі тұрғандары сендерге жіберген екен. Бірақ, олардың сендерге қойған бір шарты бар екен. Ол шарттың негізінде сендер бүгін өз білімдеріңді барынша көрсетулерің керек. Сыйлықтарды сендерге логик тайм аяқталғаннан кейін беретін боламын. Бірақ, Бастамас бұрын өз есімдерің жазылған алқаларды тауып, алқа түсіне сай екі топқа бөлініп алуды ұсынамын.
Психологиялық ахуал орнату «Үрле, жина!» ойыны Шарты: әр балаға бес бір реттік стақандар мен шар беріледі. Балалар шарды үрлеу арқылы қолмен ұстамай стақандарды бір-біріне кигізе отырып жылдам жинаулары керек.
- Көңілдерің көтеріліп қалды ма?
- Бүгінгі логик тайм барысында барлықтарыңа сәттілік тілеймін.
| Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады. Өз есімдері жазылған алқаларды тауып, алқа түсіне байланысты (сары, жасыл) топқа бөлінеді. Ойын ойнайды. |
Негізгі бөлім 20 мин | - Ойын ойнап, көңілдерін көтеріліп, сергіп алған болсаңдар, Логик таймның тапсырмаларын орындауға көшейік.
- Балалар, қазір мен сендердің өте мұқият болуларыңды сұраймын. Бар-жоғы жеті-ақ сұрақ қоямын. Және ол сұрақтар ойлануды қажет етеді.
- Екі үшбұрышта неше бұрыш бар?
- Екі мысықта неше аяқ бар?
- Бір төртбұрыш пен бір шеңберде неше бұрыш бар?
- Үстелде бес шоколад бар. Біреуі бөлініп қалды. Үстелде неше шоколад қалды?
- Бос себетте неше алма бар?
- Не ауыр? Қауырсын ба, әлде кірпіш пе?
- Сымда жеті қарлығаш отыр еді. Екеуі ұшып кетті. Неше қарлығаш қалды?
Ойын: «Судоку» Шарты: кестедегі бос орындарды толтыру. Заттар тігінен және көлдененінен қайталанбауы керек.
- Келесі тапсырманы ноутбукпен орындаймыз. Берілген алты карточкалардағы суреттерді оқиға желісіне сай тышқанмен тарту арқылы кестеге саламыз.
Ойын: «Не артық?» Шарты: берілген заттардың ортақ қасиетін таба отырып, артық затты анықтау. Сергіту сәті Сары, көк, жасыл түсті текшелерді түтікшемен тарту арқылы алып, топтастыру қажет. Ойын: «Суретші қатесі» Шарты: берілген суреттегі қателіктерді анықтап, суретті жөндеу. Ойын: «Орнын тап!» Аю, қоян,түлкі берілген. Аю қораптада,оң жақтада емес, қоян қорапта, түлкі қай жерде? Ойын: «Үлгі бойынша құра!» (конструктор бөліктері) Шарты: балаларға үлгі сурет беріледі. Сол үлгіде көрсетілген бөліктерді тауып, құрастырулары қажет. | Жедел жеті сұраққа ойлана отырып жауап береді. «Судоку» ойынын ойнайды. Тышқанмен қажетті суретті белгілеп, тарту арқылы тиісті нөмірлі ұяшыққа апарады. Ойнайды. Сары, көк, жасыл түсті текшелерді түтікшемен тарту арқылы алып, топтастырады. Шарты: берілген суреттегі қателіктерді анықтап, суретті жөндейді. Аю, түлкі, қоянды орындарына жайғастырады. Үлгі бойыншаконструктор бөлшектерін құрастырады. Сыйлықтарды алады. |
Қорытынды бөлім рефлексия 3 мин | -Балалар, бүгін сендер аз еңбектенген жоқсыңдар. Бірақ мен сендерге бүгінгі тапсырмалады орындау қаншалықты оңай, не қиын болғанын білгім келіп тұр. Ол үшін алдарыңда тұрған ағашқа гүлдер жапсыруларыңды сұраймын. Тек, қиындықтарға тап болдым, тапсырманы орындауда қиыналдым десеңдер, ағашты бос қалдырыңдар. Біршама қиындықтар болды, дегенмен оларды жеңе білдім десеңдер гүлдерді жерге жабыстырыңдар. қиындықтар болған жоқ, тапсырманы өз бетімше, өзгелердің көмегінсіз орындадым дейтін болсаңдар, гүлдерді ағашқа жабыстырыңдар. Сыйлық тарату сәті. Балалар, осымен біздің логик таймымыз аяқталуға сәл қалды. Бүгін сендер өздеріңнің ақылды, алғыр екендіктеріңді тағы бір рет дәлелдедіңдер. Сендер мақтауға тұрарлықсыңдар. Ендеше логика әлемінен келген сыйлықтарды өздеріңе табыстағым келіп тұр.
 | Өз әрекеттерін бағалайды.
 |