Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2022

Нәзір - ұлы тұлға!

Нәзір – ұлы тұлға!

Қанша ұлт, сонша тіл дамуда 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бұл мереке1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы ҚР президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.
2017 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тілдер күнін 5-қыркүйек деп бекітті. Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына байланысты «Тоғыз тіл білген Нәзір» атты тілдер іс-шара жоспары бектілген болатын. Осы іс-шара аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Борахаева мектебіміздің жас мамандарымен латын әліпбиі негізінде «Нәзір – ұлы тұлға!» атты диктант алды. Диктантқа белсене қатысқан жас мамандардың білімдері шыңдалып, білікті маман болуларына тілектестік білдіреміз.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив