[Мұғалімнің аты-жөні:Карабаева Жадыра Аскаровна Жұмыс орны:№62 Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Бітірген оқу орны: ОҚМУ,ОАИУ Білімі: жоғары Жалпы еңбек өтілі: 11 жыл Педагогикалық еңбек өтілі: 11 жыл Санаты: екінші, педагог-сарапшы Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі[/i]
Курстар:
1. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлекси» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курсын аяқтап куәлік алды, 2017 жыл. 2. Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар-тренингіне қатысып ,БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгеру тақырыбында сертификаталды,2017 ж 3. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтағаны жөнінде сертификат, 2018 жыл
Марапаттары:
1.www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған қашықтық олимпиадасынан II дәрежелі диплом,2019 жыл 2 www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған қашықтық олимпиадасынан I дәрежелі диплом,2020 жыл 3. reo.kz сайты бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған Республикалық онлайн-олимпиада жүлдегері. I дәрежелі диплом,2021 жыл 4. www.edulife.kz Республикалық қашықтық олимпиада сайты Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған онлайн-олимпиада жүлдегері. I дәрежелі диплом,2021 жыл 5.«Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасы» жүлделі . I дәрежелі диплом,2020-2021 жыл «ЖАС МАТЕМАТИК-YOUNG MATHEMATICIAN» Республикалық зияткерлік олимпиадасына қатысқан оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізгені үшін АЛҒЫС ХАТ.2021 жыл 6. «ОНЛАЙН АШЫҚ САБАҚТАР ШЕРУІ» да өткен іс-шара аясында теориялық,тәжірибелік бағыттағы кәсіби шеберлігі мен шығармашылық жұмыстары үшін АЛҒЫС ХАТ.2021 жыл 7. <<Бастауыш сыныпта жаратылыстану сабагында зерттеу жұмыстары атты авторлык багдарламасынын авторлык кукыгына ие болу және Казакстан Республикасы аумағында озық тәжірибе ретiнде таратылганын растайды.
Әдістемелік көмекшi курал басылымга «Атамекен» гылыми-әдістемелік орталыгы мен «Өрлеу» біліктілікті көтеру және бiлiм дамыту әдістемелік орталыгынын әдістемелік-ғылыми кенесі отырысында ұсынылып, отырыс
хаттамасына енгiзiлдi. Көмекші құрал Қазақстан Республикасынын МЖМБС-3 08095-2018 нормаларына сәйкес келедi.
Баспага 06.05.2021 жылы бекiтiлген. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҒЫНДА ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ (Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған авторлық бағдарлама) 2021 жыл.
Мұғалімнің шығармашылық тақырыбы: Шығармашылық тақырыбы: Жаңа заманауи оқу үдерістері арқылы сапалы білім беру Мұғалімнің тұлғалық сипаты: «Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Бүкіл ұстаздар қауымын әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Осындай қызығы мен қиыншылығы мол мамандықты мен де таңдадым. Себебі, ұстаз болу – бала кездегі арманым болатын. Сол арманға жеттім деп айта аламын. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені бұл – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне ұлы мамандық. Бірақ «Ұстаздық жолы қиын бұралаң, Істей алмас бұл жұмысты құр адам» деген сөзді естен шығармаған жөн.Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ? Әрине, өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат қуатын салу керектігін айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, жоғары идеялы адамға тән қасиет. Сондай-ақ, ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың оң шешімін табуға дайын болуы тиіс.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда жас ұландарымыздың биіктен көрнуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Осы мәселенің бәрін жинақтай келе жаңа заман мұғаліміне сай – рефлексияға қабілетті, өзін-өзі дамытуға талпынған әдіс-тәсілге бай, зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық, әдістемелік, ақпараттық және басқа құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті шығармашыл тұлға болуымыз керек. Ендігі алдағы үлкен арманым да көздеген мақсатым да шеберлігі шыңдалған, тәжірибесі мол ұстаз атанып, бәсек бәсекеге қабілетті болу.