Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2022

«АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ»

«АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес «Біртұтас ұлт – бір тұтас әскер» бағдарламасы аясында, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің мұғалімдері, «Жас Сарбаз» сынып тәрбиеленушілері және республикалық түрлі деңгейдегі байқау-жарыс жеңімпаздарын марапаттау мақсатында «Жастар Ресурстық орталығы» базасында «Айбынды жастар – Тәуелсіздік тірегі» атты әскери-патриоттық форумы өтті.
Жоғарыда аталған форумға №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Дүйсебай Бауыржан Медешұлы қатысып, «Қазақстан патриоты» төсбелгісімен, білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды!
Жалындаған жастарды елін, туған жерін сүюге тәрбиелеп жүрген ұстазымыздың, елжанды, патриот шәкірттері көп болсын!









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив