Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ-2022» БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!!!
14
октябрь
2022

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ-2022» БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!!!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ-2022» БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!!!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Айтолқын Орынбаеваның жетекшілігімен 8 сынып оқушысы Тәңірберген Жанел – Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттап, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандырып, жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының ақтық сайысында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Білім бәйгесінде оза шапқан Жанел қызымыз Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультеті грантын жеңіп алды.
Республикалық аренада өзін еркін ұстай алатын зияткер ұрпақты тәрбиелеу, әр баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетін, дарындылығын танып, біліп оны заманына қарай икемдеп жетілдіру тек білімді, кәсіби маманның қолынан келетін жетістік. Бұлақты көріп, дер кезінде көзін аша білген білікті ұстаз Айтолқын Саттарқызы мен өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеруіне ат салысып жүрген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұжымына мың алғысымызды білдіреміз!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

#Балалар_жылы
#Білімді_ұрпақ
#Шымкент_әдістемелік_орталық
#Әзірет_Сұлтан_мемлекеттік_музей_қорығы








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив