23
май
2022
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН
«МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН
Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Мағжан оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Сопбек Аружан «Жасынан оқу оқып, өнер қуған..» бағыты бойынша қатысып, «Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңіндегі жан толғанысы» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ғылыми жоба жетекшісі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шырынгүл Абаева.
Жеңімпазымыздың келешегі – кемел, болашағы – нұрлы болсын!