18
март
2023
Қыз сыны
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту мақсатында 7-сынып оқушылары арасында «Қыз сыны» байқауы ұйымдастырылды. Бес кезеңнен тұратын байқауға 7 «А» сынып оқушысы Герой Аяулым, 7 «Ә» сынып оқушысы Медеш Кәусар, 7 «Б» сынып оқушысы Өндіріс Ұлдана, 7 «В» сынып оқушысы Қауымбек Кәусар қатысты. Бақ сынасқан арулар алдымен өздерін таныстырып, ұшқыр ойларымен сыналып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесінде қатысқан аруларымызға өнерлеріне қарай номинациялар берілді. 7 «Б» сынып оқушысы Өндіріс Ұлдана – «Қылықты ару», 7 «В» сынып оқушысы Қауымбек Кәусар – «Креативті ару» номинацияларын иеленді.
Ұйымдастырушылар: Ш. Сайфуллаева, М. Жайықбаева, Г. Айтимбетова, А. Бектуреева
Ұйымдастырушылар: Ш. Сайфуллаева, М. Жайықбаева, Г. Айтимбетова, А. Бектуреева








