Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2022

«ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ»

«ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туылғанына 112 жыл толуына орай, Әл-Фараби аудандық мектеп командалары арасында, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, аға лейтенант Бауыржан Дүйсебаевтың жетекшілігімен «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында әскери қолданбалы спорт жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа әр мектептен келген командалар белсене қатысып, өздерінің жоғары дәрежеде дайындықпен келгенін көрсетті. Жарыс ережесі бойынша атыс дайындығы және дене дайындығынан командалар нормативтер тапсырды. Жарыс барымында бірнеше үздік ойыншылар анықталып, басшылық тарапынан мақтау қағазымен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды №9 IT мектеп гимназиясы, ІІ орынды №8 мектеп гимназиясы, І орынды №7 мектеп гимназиясы алса, бас жүлдені №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің құрама командасы иеленді. Жарыста оқушылар отан қорғау қызметіне деген қызығушылықтарын көрсете білді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!





















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив