Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Елеуова Гульмира Амангельдиевна Оқуға құштар мектеп
29
январь
2024

Елеуова Гульмира Амангельдиевна Оқуға құштар мектеп

№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 4 «А» сынып оқушыларымен 26.01.2024ж күні С.Мұратбеков «Жусан иісі». «Аян-менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында өткен жас оқырмандар конференциясының
АНЫҚТАМАСЫ


Конференцияның мақсаты:
а) Кітап оқу арқылы ақыл – ойларын, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту;
ә) Аянның өмірін әңгімелеу арқылы кітап оқуға құштарлығын арттыру;
б) адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Ресурстар: интерактивті тақта, суреттер, бейнебаян, слайдтар, сұрақтар, тапсырмалар

Жоспары
1. Тренинг
2. «Автор үшін алты сұрақ”
3. Кейіпкерлерге талдау
4. Кім? Қашан? Қайда?
5. Пікірлесу бөлімі «Қалай ойлайсыңдар?»
6. Оқырман күнделігі

4 «А» сынып жетекшісі сыныптан тыс іс-шараны «Ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы - кітап екенін бәріміз жақсы білеміз. Білім көзі – кітапта»,- деп кіріспе сөзбен бастады. Білім алушылармендың көңіл-күйін көтеру, бір-бірімен қараым-өатынасын нығайту мақсатында «Досым, қалың қалай?» тренинг жаттығуларын жүргізді. С. Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян
YouTube https://youtu.be/a9vLsgPa-fg?si=rFroVQVkpErRDp8n көрсетті. «Автор үшін алты сұрақ”
айдарымен автор туралы сұрақтар қойып, жауаптар алды. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды. «Кейіпкерлерге талдау» айдарында «Жусан иісі» шығармасындағы кейіпкерлер туралы әңгімелеп, кітаптың қысқаша мазмұнын баяндады. Менің сүйікті кейіпкерім деп Аянға мінездеме берді. Аянның жақсы қасиеттерін айтып, өздері де Аян сияқты зерек бала болғысы келетіндерін айтты. «Кім? Қашан? Қайда?» айдарында мұғалім шығармалардан үзінді оқыды, оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын тапты. «Қалай ойлайсыңдар?» пікірлесу бөлімінде «Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады?, Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде?, Аян ертегіні көп айтады, бірақ неге мазмұны толық берілмейді? « деген сұрақтар төңірегінде білім алушылар пікір алмасты. Оқырман күнделігі кестесін толтыруда балалар кітаптан алған әсерлерін жазды. Конференция мұғалімнің «Кітап» сөзі араб тілінен шыққан. Қазақша «жазу», «жазба» деген мағына береді. Кітап бізді неге үйретеді?»
• Кітап – адам баласын тек жақсы қасиеттерге жетелейді.
• Кітап – дүниенің қыр-сырын танып білуге көмектеседі.
• Кітап – адамды мейірімділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа үйретеді.
• Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын білім мен тәрбие беретін құрал.
• Кітап – адамның танымдық қабілетін арттырып, рухани дүниесін байытады.
• Адам баласы ғылым мен білімді, өнер мен өнегені кітаптан алады.
Сондықтан «Кітап – жан азығы» деп бекер айтылмаған. Кітапты көп оқыған адам ғана білімді болады. Ал білімді болсаң елге сыйлы боласың. Сол себепті баршаңызды рухани азығымыз – көркем әдебиетті көп оқуға шақырамын» -деген қорытынды сөзімен аяқталды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив