Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2022

«НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ – ҚАЗАҚТЫҢ ДАРА ҰЛЫ»

«НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ – ҚАЗАҚТЫҢ ДАРА ҰЛЫ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Н.Төреқұловтың 130 жылдық мерейтойына орай жас ұрпақты қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, қоғам қайраткері, ғалым, журналист Н.Төреқұловтың өмірімен таныстыру мақсатында «Нәзір Төреқұлов – қазақтың дара ұлы» атты кітап көрмесі мен «Ғибратты ғұмыр» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Нәзір Төреқұловтың – жігерлі, білмекке құштар, еңбекқор, аса дарынды, сегіз қырлы, бір сырлы тұлға екендігі айтылды. Жастарымызды Нәзірдің өз мақсатына жету жолындағы табандылығы, сан алуан қызмет саласында жиған тәжірибесінің арқасында, халқы мен Отанына игі істер жасауға жұмсаған жасындай қысқа ғұмырынан үлгі алуға шақырды.
Оқушыларымыздың білімдері шыңдалып, Нәзірдей елі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өсулеріне тілектестік білдіреміз!








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив