22
ноябрь
2022
«ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ДИПЛОМАТ»
«ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ДИПЛОМАТ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Әлия Асқарқызы Бимұратова мен тарих пәнінің мұғалімі Берік Ералиев, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен, көрнекті саяси және қоғам қайраткері, тілші ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби білікті дипломат Сауд Арабиясындағы Кеңес Одағының алғашқы елшісі Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына орай «Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат» тақырыбындағы ғылыми-көпшілік конференцияға қатысып, баяндама жасады. Сонымен қатар, конференцияда мектебіміздің 5 сынып оқушысы Нұржанқызы Айару Мұхтар Шахановтың «Биік тау» өлеңін мәнерлеп оқып, оқырман назарын өзіне аударды. Конференцияға 8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Гульзира Калауова қатысты. Ғылыми-практикалық конференцияны жоғары дәрежеде ұйымдастырған Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.