01
сентябрь
2018
Нурсеитова Каракоз Базарбаевна
Нурсеитова Каракоз Базарбаевна
Шымкент қаласы, №62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы
орта білім беретін мектебінің География пәні мұғалімі
ӨМІРБАЯН
Мен Нурсеитова Қаракөз Базарбаевна Ордабасы ауданы «Қарақұм» елді мекенінде 1984 жылы 15 қазан күні қарапайым отбасында дүниеге келдім. 1990 жылы «Қарақұм» орта мектебінде 1 сыныпқа барып, 2001 жылы 11 сыныпты үздік бітіріп аяқтадым. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласына келіп «Шымкент университетіне» Тарих және география мамандығына оқуға түсіп 2006 жылы бітірдім. Ең алғашқы ұстаздық жолым 2005 жылы Шымкент қаласының Нәзір Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта білім беретін мектептен басталды. Ерекше жігер мен құлшыныспен мұғалімдік баспалдағымды бастадым. Қазіргі таңда №62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің География пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Санатым модератор, жалпы еңбек өтілім 19 жыл.
Бүгінгі таңда бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген білім мен тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Әрбір оқушыларымның жеткен жетістіктерін мақтан тұтамын.
1. 2019 жылы «Менің бастауым-менің ауылым» атты оқушылардың әлеуметтік жобасына Пернебек Алима, Жаркей Ақнұр қатысып
ІІ-дәрежелі Диплом
2. 2020 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы ұйымдастырған «Өзін-өзі тану» пәнінен өткен қалалық оқушылар олимпиадасына 9Ә сынып оқушысы Төлегенова Әсел қатысып ІІІ дәрежелі диплом
3. 2021 жылы Шымкент қаласы «Дарын» орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпияданың «Өзін-өзі тану» пәнінен аудандық кезеңіне қатысып 10Ә сынып оқушысы Жилкайдарова Гулназ ІІІ дәрежелі диплом
4. 2022 жылы Шымкент қаласы «Дарын» орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпияданың «Өзін-өзі тану» пәнінен аудандық кезеңіне қатысып 9В сынып оқушысы Зәкір Шұғыла ІІІ дәрежелі диплом
5. 2024 жылы Шымкент қаласының «Дарын» орталығының «Үздік экологиялық бастама» жобасына қатысып 6Ә сынып оқушысы Құламерген Аяна ІІІ орынмен марапатталды.
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Ұлтына аянбай қызмет ететін Нәзірдей шәкірттеріміз көп болса, мемлекетіміздің тұғыры биік, тәуелсіздігіміз мәңгілік болатынына сеніммен қараймын. Мен өзімнің болашақ ұрпақ алдындағы парызым мен мемлекет алдындағы міндетімді жақсы білемін.
Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану болса, мен өз алдыма қойған айқын мақсаттарымды таныдым және осы жолда еңбек ете де бермекпін.