10
октябрь
2022
«АЛАШТЫҢ АСЫЛ ПЕРЗЕНТІ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың асыл перзенті» тақырыбында бір айлық іс-шара ұйымдастырылып, бір ай көлемінде белгілі қоғам қайраткері, дипломат Нәзірді әр қырынан танытты. Аталған іс-шараға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.
Қорытынды іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғ.к. Нәзіртанушы Гауһарбек Тілеуқұлов қатысып, мектеп мұражайында қонақта болды. Оқушыларға Нәзір Төреқұлов – өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі екендігін айтты. Қоғам қайраткерінің ғибратты ғұмырындағы атқарған орасан зор еңбегін көпшілікке насихаттау мен оны өскелең ұрпаққа тереңірек таныту жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымына, іс-шараны ұйымдастырған мектеп ұжымына алғысын білдірді.